
6B11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
Білім деңгейі
Бакалавриат
Серіктес ЖОО: Туризм академиясының базасындағы Swiss Geneva Business Institute халықаралық кампусы (Анталия, АТА/SGBI).
Қос дипломдық бағдарлама мейрамхана және мейманхана бизнесіндегі кәсіби дайындықты бизнесті басқарумен біріктіреді. Студенттер жаһандық нарықта қонақжайлылық бизнесінің табысты дамуы үшін қажетті басқару құзыреттіліктерін меңгереді.
Бағдарламаның мақсаты
Мейманхана және мейрамхана бизнесі үшін операциялық қызметті тиімді ұйымдастыра алатын, даму стратегияларын әзірлейтін, қаржы мен персоналды басқаратын, сондай-ақ бәсекеге қабілетті сервистік жобаларды құра алатын басқарушыларды даярлау.
Бағдарламаның артықшылықтары
- Екі диплом алу мүмкіндігі
- Бизнес-әкімшілендіру саласы бойынша тереңдетілген дайындық
- Қонақжайлылық (hospitality) саласында тәжірибеге бағытталған оқыту
- Кәсіпкерлік құзыреттерді қалыптастыру
- Халықаралық бизнес-ортада жұмыс істеуге даярлау
- Басқару және маркетингтің заманауи құралдарын меңгеру.
Сіз нені меңгересіз:
- қонақүй мен мейрамхананы стратегиялық және операциялық басқаруды;
- қаржылық менеджмент және бюджеттеуді;
- сервистік қызметтерді маркетингтеу және ілгерілетуді;
- персоналды басқару және қызмет көрсету стандарттарын ұйымдастыруды;
- кәсіпкерлік және жеке бизнесті іске қосуды;
- нарықты талдау және бизнес-жоспарларды әзірлеуді.
Мансаптық мүмкіндіктер:
Бағдарлама түлектері келесі мамандықтар бойынша сұранысқа ие болады:
- қонақүйлер мен мейрамханалардың басқарушылары;
- бизнесті дамыту менеджерлері;
- әкімшілер және операциялық менеджерлер;
- сервистік бөлімшелердің басшылары;
- қонақжайлылық саласындағы кәсіпкерлер;
- сервис индустриясындағы бизнес-кеңесшілер.
Оқу форматы:
АТА/SGBI-де теориялық оқыту – қашықтықтан, ал АТУ-де – дәстүрлі күндізгі форматта жүргізіледі.
Студент кәсіби практиканы өз таңдауы бойынша өтей алады:
- немесе АТУ базасындағы практика орындарында, қолданыстағы академиялық кестеге сәйкес;
- немесе ақылы тағылымдама шеңберінде, ол тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қыркүйегіне дейін Түркия кәсіпорындарының жұмыс орындарында келесі шарттармен жүргізіледі:
- студенттер Түркия кәсіпорындарының негізгі талаптарына сай болуы керек, мысалы: жас шегі, сыртқы көрінісі, тілдік дағдылар және мамандық бойынша теориялық дайындық;
- студенттер Түркия кәсіпорындарының тарапынан тұру және тамақпен қамтамасыз етіледі;
- студент кәсіби практиканың орнына бару жол шығынын, Түркиядағы тұру кезеңіне арналған медициналық сақтандыруды және виза алымын төлейді.
Оқу тілі:
АТА/SGBI-де – студент таңдауы бойынша ағылшын немесе орыс тілінде,
АТУ-де – қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде.
Берілетін дәрежелер:
Қос дипломдық бағдарламаны тәмамдаған студенттерге беріледі:
- 6B11102 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім бағдарламасы бойынша бакалавр дәрежесі және АТУ өз үлгісіндегі дипломы;
- «Business Administration» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі және Swiss Geneva Business Institute жоғары білім дипломы.
Қосымша, 3-ші курс аяқталғаннан кейін:
- Түркия кәсіпорындарының жұмыс орындарында кәсіби практиканы өту шартымен Анталиядағы Туризм академиясының кәсіби орта арнайы білім дипломын берумен «Hotel Management» мамандығы бойынша қауымдастырылған білім алу мүмкіндігі бар.
Толығырақ